Дүкеннен Raffaello кәмпитін ұрлап, сүйіктісіне апарып бермек болған тұрғын ұсталды
Дүкеннен Raffaello кәмпитін ұрлап, сүйіктісіне апарып бермек болған тұрғын ұсталды
116
оқылды
Raffaello тәттілерін ұрлаған Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны жауапкершілікке тартылды. Ер адам Magnum Gash&Carry ЖШС дүкенінен Raffaello кәмпитін ұрлауға тырысты, бірақ бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Ол Raffaello тәттілерін ұрлап, сүйіктісіне апарып бермек болған. Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 сотында ұрлық жасады деп айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот үкімімен ер адам Қылмыстық кодекстің 187-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Ер адамға 40 сағаттық қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындалды, – деп жазады Polisia.kz. Қазір айыпталушы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округінде қар күреумен айналысып жатыр.
"Қоғамдық жұмыстар жазаның тиімді түрлерінің біріне жатады, онда сотталған адамның құқықтары ең төменгі дәрежеде шектеледі. Осылайша, сотталған адам қоғамнан оқшауланбайды, жұмыс немесе оқу орнын шықпайды, оның отбасы мүшелерімен байланысы үзілмейді, ол қаржылық ауыртпалықты көтермейді, демек отбасы бюджетіне қаржылық жүктеме жоқ. Екінші жағынан, сотталған адам қоғамдық жұмыстарды тегін орындайды, оған еңбек өтілі есептелмейді, демалыс күндері немесе еңбек демалысы кезінде жазасын өтеуі керек, ең бастысы, ол бұл жұмыстарды өзінің заңсыз, қылмыстық әрекеттері үшін атқаратынын түсінеді", – деді өңірлік ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Жәнібек Қосжанов.