Алматы әуежайы FlyArystan ұшағының "шұғыл қонуына" қатысты пікір білдірді

Алматы әуежайы FlyArystan ұшағының "шұғыл қонуына" қатысты пікір білдірді

Алматы әуежайының баспасөз қызметі FlyArystan ұшағының "шұғыл қонуына" қатысты пікір білдірді.

"Нұр-Сұлтан – Шымкент рейсі Шымкенттегі қолайсыз метеожағдайдың, оның ішінде, тұман салдарынан Алматының қосалқы аэродромына қонды. Сағат 08.11-де штаттық режимде қонды", – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Бұған дейін FlyArystan ұшағы шұғыл түрде Алматыға қонғаны туралы жазған болатынбыз.