Атырауда батарея жұтып көз жұмған бала өлімі бойынша тергеу жүріп жатыр, – деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
«Полицейлер ҚР ҚК 317-бабы 3-бөлігі «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды. Істі тергеу барысы облыс прокуроры мен Атырау облысы полиция департаменті бастығының бақылауында», – делінген хабарламада.
Еске салайық, Атырауда дәрігерлер теледидар пультінің батареясын жұтып қойған 11 айлық сәбидің өмірін құтқара алмады.
Дәрігерлер оны операциясыз әдіспен шығармақ болған. Өкінішке қарай, жұтып қойған заты үлкендеу болғандықтан, ол әдіс көмектеспеген.
Оқыңыз Бала батарейка жұтып қойса не істеу керек?