Боран салдарынан 400-ден астам үй жарықсыз қалды
Боран салдарынан 400-ден астам үй жарықсыз қалды
111
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында қатты боран салдарынан екі ауданда электр қуаты өшіп қалды. СҚО төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рамиль Камаловтың айтуынша, қалың жауған қар мен екпіні секундына 15-28 метрге дейін жеткен желдің салдарынан Ақжар ауданында 128 үй жарықсыз қалған. Электр желісіндегі апаттың салдарын бірден жою мүмкін болмады.
«Тайынша ауданында да қатты боранның салдарынан 300 шақты үй электр қуатынсыз қалды. Боран тек таңға жақын ғана басылып, жағдай тұрақталды. Қазір электр желісін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – дейді Рамиль Камалов.
Бас құтқарушының айтуынша, енді боранның арты аязға ұласпақ, болжам бойынша алдағы күндері әлі де боран болуы мүмкін.