24 баланың өмірін жалмаған ұшақ
24 баланың өмірін жалмаған ұшақ
117
оқылды

Boeing 737 бортында барлығы 24 бала болған. Оның 19-ы 12 жасқа дейінгі балалар екен. Ішіндегі ең кішкентайы былтыр ғана туған. Бұл жайында news.liga.net сайты жариялады.

Еске салсақ, 8 қаңтар күні Иран астанасы Тегеран маңында «Украина халықаралық әуе жолдары» әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 170 жолаушы болған. Барлық жолаушы мен экипаж мүшесі қаза тапты. Ең аяныштысы, бортта болған отбасы мүшелері толығымен ажал құшты.
 
01.png
Мусави отбасы
1972 жылы туған Педрам Мусави және әйелі 1976 жылғы Мойган Данесвам екі қызымен қайтыс болған. Үлкен қызы Дария 15 жаста, ал Дорина Мусави 10 жаста болған.  Ерлі-зайыптылар Канададағы Альберта университетінің профессорлары екен. Олар инженерия факультетінде сабақ берген. Альберта университетінің өкілі CBS басылымына шыққан отбасының қайтыс болуы туралы ақпаратты растады.

02.jpg
Швециядан Линдберг отбасы
Сонымен бірге ол ұшақта Линдбергтер отбасы болған. Олар жайында әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Апат кезінде 41 жастағы Майкл мен әйелі Рейчел болған. Олармен бірге 10 жасар Эрик пен 8 жасар Эмиль есімді екі ұлы да көз жұмды. Суретке қарап, Эмиль Барселона клубының жанкүйері болғанын байқауға болады.
  
Оған қоса, 3 ирандық бала қайтыс болды. Олар: Ахмади Моттере (2011 жылғы), Ахмади Мух Сен (2014 жылғы) және Ахмади Рахмтин (2010 жылғы). Олар ата-анасы Ахмади Секинке мен Ахмади Митрамен саяхаттап жүрген.

Әуе кемесінде 6 жасар Эммами Софиямен бірге 61 жастағы Эмами Саедмахди азаматы болған. Оның Софияға қалай туысатыны белгісіз. Алайда оны баланың әкесі не атасы деген болжам бар.  Ал 2011 жылы туған Эгбали Базофт Шахзад 1960 жылғы Эгбали Базофт Шахрохпен бірге болған.

03.jpg
Молани Курдия
Boeing 737 бортындағы ең жас жолаушы  Молани Курдия. Ол былтыр ғана дүниеге келген.

04.jpg
Хивой мен Эвин
Бұл екі жасар баланың ата-анасы. 39 жастағы Хивой Молани мен 29 жастағы Эвин Арсалани үйленгеніне 7 жыл болған. 

05.jpg
Асадилари Мохаммадхосейн
Апат салдарынан Иранның денсаулық сақтау және медициналық білім министрінің орынбасары, доктор Мохсен Асадиларидің екі баласы қаза тапты. Олар: Асадилари Мохаммадхосейн (1996 жылы) және Зейнаб Мохаммадхосейн (1998 жылы).

Мохаммад канадалық STEAM студенттік стипендиясының негізін қалаушысы. Ол Торонто университетінде PhD дәрежесін алған. Нанохимия, қатерлі ісік иммунологиясы, нейрохирургия және нейробиология бойынша көптеген мақаланың авторы. ЮНЕСКО канадалық кеңсесімен, Канадалық Қызыл Крестпен бірлесіп жұмыс жасады. Ол сонымен қатар білім беру стартапы PeerBuds-тің кеңесшісі болды.

06.jpg
Зейнаб Мохаммадхосейн
Ол да Торонтодағы университетте дәрігерлік мамандығы бойынша білім алып жатқан. Өз ортасының белсендісі болып, барлық шараларға атсалысып жүрген. 

Бұл апат жас отбасының да өмірін қиып әкетті. Олар Канадалық Альберт университетінің түлектері еді. Жас жұбайлар 3 қаңтарда ұйленген болатын. 27 жастағы Араш Пурзараби мен 26 жастағы әйелі Горжи Пуне информатика мамандығы бойынша ғылыми дәрежесін алған.

07.jpg
Араш пен Горжи