Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды

Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды

Шымкент қаласы бас санитар дәрігерінің "Шымкент қаласының аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы" қаулысы жарияланды. Шымкентте карантин 22 ақпаннан 8 наурызға дейін ұзартылады.

"Шымкент аумағындағы карантин мен шектеу шаралары 2021 жылғы 22 ақпан сағат 00.00-ден 2021 жылғы 8 наурыз сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын", – делінген қаулыда.
Қала тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын іс-шараларды, оның ішінде, еске алу, туған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалық, той және басқа да  шараларды өткізуге тыйым салынады.
Қала бойынша 65 жастан асқан адамдардың жүріп-тұруы шектеледі. Шымкент қаласының тұрғындарына екі метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтау және маска тағу ұсынылды.
Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.