Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Жамбылдық әкімдердің арқасынан аяз жүгірді

"Айқын" ақпарат
Ақпан 19, 2021
Жаңалықтар, Қазақстан, Саясат
123 Жамбыл әкімі
376
қаралым

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әлемдік пандемияға байланысты есепті жиынын онлайн форматта өткізіп, оны телеарналар мен әкімдіктің ресми парақшалары тікелей эфирде көрсетті.

Ал өңір тұрғындары аймақ басшысына esep2021@zhambyl.gov.kz электронды поштасы, «Ашық диалог» блог-платформасы және jambyl_esep2021 Telegram каналдары арқылы сұрақтарын жолдауға мүмкіндік алды.

Бердібек Машбекұлы баяндамасында өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, негізгі бағыттар бойынша оң динамика қалыптасқанын айтты.

123 Жамбыл әкімі

Түске дейін басқарма, түстен кейін аудан әкімі ауыстырылды

Гүлжахан Бимендина жер ресурстарын басқару комитетінің басшысы қызметінен босатылды

Ауылдарды аралап жүріп халыққа көмек көрсететін керуен жолға шықты

– Есепті кезеңде экономикалық өсім 102,2 пайызды құрады. Өнеркәсіп өнімдері 504,9 миллиард теңгеге жетіп, 103,1 пайыздық өсімді көрсетсе, ауыл шаруашылығы 381,9 миллиард теңгенің тауарларын шығарып, 105,1 пайызды діттеді. Құрылыс 128,2 пайызға артса, тұрғын үй құрылысы 121,7 пайызды межеледі. Жыл ішінде өңірге 344,1 миллиард теңге инвестиция салынып, жұмыссыздық 4,9 пайызға төмендеді. Бюджеттің игерілуі 100 пайызға орындалып отыр. Осылайша әлемдік пандемияға қарамастан негізгі салалар бойынша оң динамика қалыптасты, – деді облыс әкімі.

Бұдан бөлек аймақ басшысы фармацевтика саласына айрықша тоқталып, өткен жылы 3 фармацевтикалық өнімдер шығаратын өндіріс орны іске қосылғанын айтты. Нәтижесінде медициналық бұйымдар көлемі 1,5 есеге артқан. Ал сәуір айынан бастап Қордай ауданындағы вакцина зауыты алғашқы 50 мың доза дәріні шығармақ. Ал жалпы зауыттың қуаттылығы 30-60 миллион вакцина шығаруға қауқарлы.

Былтырғы жылы облыс әкімінің бастамасымен «Асарлатып үй салу» жобасы жанданған болатын. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, 100 үйдің кірпіші қаланады деп күтілуде.

Бердібек Машбекұлының баяндамасынан жалпы білгеніміз әлемдік пандемияға қарамастан өткен жыл өңір үшін табысты болған. Ал биылғы жылға жоспар жұмыр, мақсат айқын.

Сұрақ-жауап кезеңінде облыс әкіміне әлеуметтік желілер мен тікелей эфир арқылы сұрақ жолдаған халықтың қарасы қалың болды. Олардың дені әлеуметтік салаға бағытталып, Бердібек Сапарбаев барынша тұщымды жауап берді.

Есепті жиында елді елең еткізгені – Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Қайрат Жатқанбаевтың қызметінен босатылғаны болды. Естеріңізге салсақ, аталған округ әкімінің жұмысы Бектөбе ауылы тұрғындары тарапынан қатаң сынға алынып, бұқара әкімнің қызметтен кетуін талап еткен болатын. Осыған байланысты «болыс» былғары орындығымен қош айтысып отыр.

– Тұрғындардың біздің жұмысымызға беретін бағасы аса маңызды. Алға қойылған міндеттерді орындай алмаған әкімдер жауапкершілікке тартылады. Мәселен Бектөбе ауылының тұрғындары есеп беру кездесуінде Қаратөбе ауылдық округі әкімінің жұмысын сынға алған болатын. Нәтижесінде ол қызметінен босатылды, – деді Б.Сапарбаев.

Міне, осылайша Бердібек Сапарбаевтың есепті жиыны тұрғындарды тағы таңғалдырды. Олай дейтініміз, былтыр облыс әкімі Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылдық округінің әкімі Зубаржат Қамиеваның үстінен тұрғындар шағымданғанда «әкімдік қызмет әкеден қалған мұра емес» деп дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Енді міне, есепті жиынында да жаза басқан «болыстың» басынан сипамай, жамбылдық әкімдердің арқасынан аяз жүгіртті.

Саятхан Сатылған,
Жамбыл облысы

 
Тегтер: әкімБектөбеБердібек СапарбаевболысЖамбылқызмет
Алдыңғы жаңалық

Анасымен жанжалдасқан жігіт көмекке келген көршісін өлтірді

Келесі жаңалық

Таразда боран соғып, талдар құлап, үй шатырлары ұшып жатыр

Ұқсас жаңалықтар

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары әлем елдерінде баланы кемсітуге қалай жол берілмейтінін айтты
Жаңалықтар

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары әлем елдерінде баланы кемсітуге қалай жол берілмейтінін айтты

Наурыз 2, 2021
Нью-Йорк
Жаңалықтар

Алматылық жігіт Нью-Йоркте қазақ радиосын ашты

Наурыз 2, 2021
Елбасы Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен кездесті
Жаңалықтар

Елбасы Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен кездесті

Наурыз 2, 2021
Дәурен Кеңбейіл Қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Жаңалықтар

Дәурен Кеңбейіл Қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Наурыз 2, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары әлем елдерінде баланы кемсітуге қалай жол берілмейтінін айтты

Наурыз 2, 18:54

Алматылық жігіт Нью-Йоркте қазақ радиосын ашты

Наурыз 2, 18:50

Елбасы Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен кездесті

Наурыз 2, 18:34

Дәурен Кеңбейіл Қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Наурыз 2, 18:19

Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарға әлеуметтік көмек көрсетілді

Наурыз 2, 17:57

Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

Наурыз 2, 17:40

Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады

Наурыз 2, 17:32
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары әлем елдерінде баланы кемсітуге қалай жол берілмейтінін айтты

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары әлем елдерінде баланы кемсітуге қалай жол берілмейтінін айтты

Наурыз 2, 2021
Нью-Йорк

Алматылық жігіт Нью-Йоркте қазақ радиосын ашты

Наурыз 2, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»