Перуде полицей карантин талабын бұзған бойжеткенді ерекше әдіспен жазалады
Перуде полицей карантин талабын бұзған бойжеткенді ерекше әдіспен жазалады
126
оқылды

Перуде полицей карантиндік шектеу шараларын бұзған қызды ерекше әдіспен жазалады. БАҚ-та олардың сүйісіп тұрған сәті түскен видео жарияланды,– деп хабарлады BDP.

Құқық қорғаушы қызды тоқтатып, оған қандай бұзушылық жасағанын түсіндірді, одан кейін оған айыппұл салуы тиіс болатын. Алайда тараптар келісімге келіп, сүйіскен. Олардың бұл әрекеті видеоға түсіп қалған. Кейін бұл видео жергілікті телеарнаға келіп түскен. Белгілі болғандай, бойжеткен полицейге өзін сүйіп, босата салуды өтінген. Полицей көп ойланбастан, келісе кеткен. Алайда басшылық полицейді бұл әрекеті үшін жұмыстан босатты.