Тегін дәрі-дәрмек кімдерге беріледі?
Тегін дәрі-дәрмек кімдерге беріледі?
5,161
оқылды

2019 жылы тегін әрі-дәрмекті тарату бойынша жалпы бөлінген бюджет 100 миллиард теңгеден астам болса, бүгінде көрсеткіш 190 миллиард теңгеге жеткен. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп айтты.

Оның сөзінше, биыл дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 715 атауға дейін кеңейтілген.

«Дәрі-дәрмектерді кеңейту нәтижесінде биыл 1 қаңтардан бастап № 660 бұйрық бойынша 140 аурулар тобы нозологияға кірді. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 715 атауға дейін кеңейтіліп жатыр. 2019 жылы жалпы бөлінген бюджет 100 миллиардтан астам болса, қазіргі таңда 190 миллиард теңгеге жеткен», – деді ол.

Сонымен қатар, қосымша дәрінің тізіміне 225 атау кірген.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша мұның алдында дәрілер бес жасқа дейінгі балаларға тегін түрде берілсе, енді бұл топ 18 жасқа дейін ұлғайды. Бұл санаттағы адамдарға қосымша 192 дәрі-дәрмек енген. Қазіргі уақытта барлық жүргізілген рәсімдер мен ұсыныстар бойынша 222 миллиард теңгеге дәрі сатып алынған», – деді Б.Шәріп.

Желтоқсаннан бастап қоймаларға 30 миллиард теңгеге жуық дәрі түскен. Оған 800-ден аса дәрінің атауы кіреді. Еліміздегі өңірлерге жалпы наурыз және сәуірдің басына дейін жеткізілмек.