Ақмола облысында жантүршігерлік апаттан 3 адам көз жұмды
Ақмола облысында жантүршігерлік апаттан 3 адам көз жұмды
106
оқылды
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам көз жұмды, тағы 4 адам түрлі дене жарақтымен ауруханаға жатқызылды. Поиция басқармасының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 18 ақпан күні «Көкшетау-Атбасар» тасжолының Айдарлы ауылы маңында болған.
– «Көкшетау-Атбасар» тасжолының 29 шақырымында «Тойота Камри» көлігінің 43 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бағытта жүріп келе жатқан «ВАЗ-2115» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. «ВАЗ-2115» көліктің рулінде 46 жастағы ер адам басқарған. Жол апатынан 3 адам көз жұмып, 4 адам түрлі дене жарақтымен ауруханаға жатқызылды, – деді ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.