Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Мәулен Әшімбаев: Ең негізгі міндет – тәуелсіздікті нығайту

«Айқын» ақпарат
Ақпан 20, 2021
Саясат, Жаңалықтар, Қазақстан
Мәулен Әшімбаев
14
қаралым

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев  Facebook-тегі парақшасында өткен ғасырдағы ашаршылық туралы өз пікірін білдірді.

Біздің алдымызда тұрған ең негізгі міндет – тәуелсіздікті ны­ғайту. Ол үшін ұлттың тарихи са­­­насын жаңғырту аса маңызды. Ал тарихи сананы жаңғырту – хал­қымыздың дәуірлеген кезең­де­­рімен бірге «тар жол тайғақ ке­шу­лерін» де ұмытпай, озық тұс­та­ры­­мыздан өнеге тауып, қи­­­налған сәт­­терден қорытынды шы­ғару деген сөз.

Осы ретте шежіремізге қасі­­­­­ретті жылдар ретінде жазылған ашар­шылық тақырыбын көтеру өте орынды. Әсіресе, азаттықтың 30 жыл­­­дығы аясында аталған ақ­таң­дақты зерттеуге басымдық бе­­рілуін заңды деп қабылдаймыз. Өйткені бұл мәселеде әлі де болса ашыл­маған ащы ақиқаттар аз емес.

Сондықтан алдағы уақытта мем­­­­лекеттің қолдауымен осы ба­ғыттағы жүйелі және кешенді жұ­мыстар жалғаса береді. Бұған Пре­­­зидентіміз баса мән беріп отыр. Соған сәйкес, ғылыми инс­титут­­­тарды жұмылдыру, архив мате­­­­­­риалдарына қолжетімділікті қамта­­масыз ету, ақпараттық қол­дау көрсету сияқты бағыттар бойынша тиісті министрліктерге тап­сыр­­ма­лар берілді.

Азат елдің нышаны

Әлеммен терезені теңестірген ұйым

Қиын-қыстау заманда аман қалғандардың қазаққа алғыс айтуы – әділеттілік

Осындай мәселелерді тал­қы­лау үшін Парламент Сенаты Мем­­­лекет тарихы және Ш.Уәли­ханов атын­дағы Тарих және эт­нология инсти­туттарымен бір­лесіп, осы аптада арнайы дөңгелек үстел өткізгені белгілі. Іс-шара бары­­сында аталған бағытта ат­қарылуға тиіс шаралар жан-жақты сөз болды.

Жалпы, зерттеу жұмыстары ке­­зінде алдымен ашаршылық құр­бандарын түгендеудің және олар­дың нақты санын анықтаудың маңы­зы зор. Әрине, құрбандардың аты-жөндерін анықтау оңай шаруа емес. Ол үшін мүмкін­ді­­­­гінше әр әулеттің шежіресін де жіті зерде­­­­­­леген жөн. Бұл жұмысқа өңір­лердегі университеттердің ұс­­таздары мен студенттерін де жұ­мылдырған дұ­рыс болар еді. Алапат аштыққа арналған дөң­гелек үстел барысында ғалымдар тарапынан осындай ой­лар ай­тылды.

Сонымен қатар осы нәубетті бас­тан өткерген куәгерлердің ес­­те­ліктерін жинау да көп жайтты анықтауға септігін тигізеді. Мә­се­­лен, Мекемтас Мырзах­метұлы аға­­­­­­­­мыздың «құндақтағы қа­рын­дасы» жайлы аянышты оқиғасы көпшілікке белгілі. Ел арасында айтылып жүрген осын­дай есте­ліктерді жазып алуымыз ке­рек. Себебі бұл – жадымызды жаң­­ғыртуға тың серпін беретін негізгі тетіктердің бірі.

Өткізілген іс-шара қоры­­тын­­­­­дысы бойынша ғалымдарымыз бен зиялы қауым өкілдері айтқан пі­­­­­­кірлердің негізінде арнайы ұсы­нымдар дайындалды және ол тиісті мемлекеттік органдарға жол­­да­­­­­нады. Онда жоғарыда ай­тылған мә­­­­селелермен бірге бір­қатар ұсы­­­­ныс көрсетілген. Атап айтқанда, аш­­­тық салдарын анық­тау, құр­­­­­бандардың цифрлы ба­засын жасау, шетел ар­­хив­теріндегі құжаттарды зерделеу, елден бо­сып кетуге мәжбүр бол­ған­­дардың кейін­гі тағдырларына назар ауда­ру және нақты де­рек­терге сүйен­ген кітаптар шы­ғару, фильмдер түсіру, театрлық қойы­лымдарды сахна­лау сияқты бас­тамалар бар.

Сондай-ақ тақсіретті кезеңнің тауқыметін ұлт жадында сақтау, әсіресе жастарымыздың санасына сіңіру мақсатымен «Аза сарайы» мемориал-кешенін салу жұмыс­­­тары да назардан тыс қалмады. Мұ­­­­ның бәрін ашаршылық жыл­дарында құрбан болған бабалар рухына тағзым етуге арналған ша­­­­­­­­ралар деп қабылдаймыз. Ал­­дағы уақытта осы бағыттар бойын­ша жүйелі жұмыстар қолға алы­нады деп сенеміз.

Барлық іс-әрекет Сенаттың қол­дауымен және сенаторлардың бақылауымен іске асырылатынын атап өткім келеді. Шын мәнінде, бұл бастамалар елдігіміздің еңселі, егемендігіміздің мәңгілік болуына өз үлесін қосатын маңызды дүние екені сөзсіз.

Осы жазбаға сол дөңгелек үс­­­­телде сөйлеген қорытынды сө­­зім­­нің видео нұсқасын қосып отыр­­мын. Онда ашаршылық тақы­­рыбын зерттеу кезінде ес­­керілуі керек шаралар қамтылған.

 
Тегтер: ашаршылықМәулен Әшімбаевміндеттәуелсіздік
Алдыңғы жаңалық

Бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Келесі жаңалық

Көшедегі қате жазулар реттеледі

Ұқсас жаңалықтар

Нұркен Өтеуіл
Жаңалықтар

Белгілі актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды

Наурыз 2, 2021
ескерту
Жаңалықтар

8 өңірде ескерту жарияланды

Наурыз 2, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Бес адамның мәйітін әуелі көршілері көріпті

Наурыз 2, 2021
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары әлем елдерінде баланы кемсітуге қалай жол берілмейтінін айтты
Жаңалықтар

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары әлем елдерінде баланы кемсітуге қалай жол берілмейтінін айтты

Наурыз 2, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды

Наурыз 2, 20:15

8 өңірде ескерту жарияланды

Наурыз 2, 19:59

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Бес адамның мәйітін әуелі көршілері көріпті

Наурыз 2, 19:34

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары әлем елдерінде баланы кемсітуге қалай жол берілмейтінін айтты

Наурыз 2, 18:54

Алматылық жігіт Нью-Йоркте қазақ радиосын ашты

Наурыз 2, 18:50

Елбасы Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен кездесті

Наурыз 2, 18:34

Дәурен Кеңбейіл Қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Наурыз 2, 18:19
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Нұркен Өтеуіл

Белгілі актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды

Наурыз 2, 2021
ескерту

8 өңірде ескерту жарияланды

Наурыз 2, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»