Мәулен Әшімбаев: Ең негізгі міндет – тәуелсіздікті нығайту
Мәулен Әшімбаев: Ең негізгі міндет – тәуелсіздікті нығайту

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев  Facebook-тегі парақшасында өткен ғасырдағы ашаршылық туралы өз пікірін білдірді.

Біздің алдымызда тұрған ең негізгі міндет – тәуелсіздікті ны­ғайту. Ол үшін ұлттың тарихи са­­­насын жаңғырту аса маңызды. Ал тарихи сананы жаңғырту – хал­қымыздың дәуірлеген кезең­де­­рімен бірге «тар жол тайғақ ке­шу­лерін» де ұмытпай, озық тұс­та­ры­­мыздан өнеге тауып, қи­­­налған сәт­­терден қорытынды шы­ғару деген сөз. Осы ретте шежіремізге қасі­­­­­ретті жылдар ретінде жазылған ашар­шылық тақырыбын көтеру өте орынды. Әсіресе, азаттықтың 30 жыл­­­дығы аясында аталған ақ­таң­дақты зерттеуге басымдық бе­­рілуін заңды деп қабылдаймыз. Өйткені бұл мәселеде әлі де болса ашыл­маған ащы ақиқаттар аз емес. Сондықтан алдағы уақытта мем­­­­лекеттің қолдауымен осы ба­ғыттағы жүйелі және кешенді жұ­мыстар жалғаса береді. Бұған Пре­­­зидентіміз баса мән беріп отыр. Соған сәйкес, ғылыми инс­титут­­­тарды жұмылдыру, архив мате­­­­­­риалдарына қолжетімділікті қамта­­масыз ету, ақпараттық қол­дау көрсету сияқты бағыттар бойынша тиісті министрліктерге тап­сыр­­ма­лар берілді. Осындай мәселелерді тал­қы­лау үшін Парламент Сенаты Мем­­­лекет тарихы және Ш.Уәли­ханов атын­дағы Тарих және эт­нология инсти­туттарымен бір­лесіп, осы аптада арнайы дөңгелек үстел өткізгені белгілі. Іс-шара бары­­сында аталған бағытта ат­қарылуға тиіс шаралар жан-жақты сөз болды. Жалпы, зерттеу жұмыстары ке­­зінде алдымен ашаршылық құр­бандарын түгендеудің және олар­дың нақты санын анықтаудың маңы­зы зор. Әрине, құрбандардың аты-жөндерін анықтау оңай шаруа емес. Ол үшін мүмкін­ді­­­­гінше әр әулеттің шежіресін де жіті зерде­­­­­­леген жөн. Бұл жұмысқа өңір­лердегі университеттердің ұс­­таздары мен студенттерін де жұ­мылдырған дұ­рыс болар еді. Алапат аштыққа арналған дөң­гелек үстел барысында ғалымдар тарапынан осындай ой­лар ай­тылды. Сонымен қатар осы нәубетті бас­тан өткерген куәгерлердің ес­­те­ліктерін жинау да көп жайтты анықтауға септігін тигізеді. Мә­се­­лен, Мекемтас Мырзах­метұлы аға­­­­­­­­мыздың «құндақтағы қа­рын­дасы» жайлы аянышты оқиғасы көпшілікке белгілі. Ел арасында айтылып жүрген осын­дай есте­ліктерді жазып алуымыз ке­рек. Себебі бұл – жадымызды жаң­­ғыртуға тың серпін беретін негізгі тетіктердің бірі. Өткізілген іс-шара қоры­­тын­­­­­дысы бойынша ғалымдарымыз бен зиялы қауым өкілдері айтқан пі­­­­­­кірлердің негізінде арнайы ұсы­нымдар дайындалды және ол тиісті мемлекеттік органдарға жол­­да­­­­­нады. Онда жоғарыда ай­тылған мә­­­­селелермен бірге бір­қатар ұсы­­­­ныс көрсетілген. Атап айтқанда, аш­­­тық салдарын анық­тау, құр­­­­­бандардың цифрлы ба­засын жасау, шетел ар­­хив­теріндегі құжаттарды зерделеу, елден бо­сып кетуге мәжбүр бол­ған­­дардың кейін­гі тағдырларына назар ауда­ру және нақты де­рек­терге сүйен­ген кітаптар шы­ғару, фильмдер түсіру, театрлық қойы­лымдарды сахна­лау сияқты бас­тамалар бар. Сондай-ақ тақсіретті кезеңнің тауқыметін ұлт жадында сақтау, әсіресе жастарымыздың санасына сіңіру мақсатымен «Аза сарайы» мемориал-кешенін салу жұмыс­­­тары да назардан тыс қалмады. Мұ­­­­ның бәрін ашаршылық жыл­дарында құрбан болған бабалар рухына тағзым етуге арналған ша­­­­­­­­ралар деп қабылдаймыз. Ал­­дағы уақытта осы бағыттар бойын­ша жүйелі жұмыстар қолға алы­нады деп сенеміз. Барлық іс-әрекет Сенаттың қол­дауымен және сенаторлардың бақылауымен іске асырылатынын атап өткім келеді. Шын мәнінде, бұл бастамалар елдігіміздің еңселі, егемендігіміздің мәңгілік болуына өз үлесін қосатын маңызды дүние екені сөзсіз. Осы жазбаға сол дөңгелек үс­­­­телде сөйлеген қорытынды сө­­зім­­нің видео нұсқасын қосып отыр­­мын. Онда ашаршылық тақы­­рыбын зерттеу кезінде ес­­керілуі керек шаралар қамтылған.