67 адам қар құрсауында қалды
67 адам қар құрсауында қалды
96
оқылды

Ақмола облысында жолда қар құрсауында қалған 67 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 7 бала бар.

18-19 ақпанда Ақмола облысы аумағында ауа райы бұзылып, республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың барлық учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылған-ды. Жағдайға қарамастан облыс тұрғындары боранды күні жолға шығып, қар құрсауында қалып қойды. Жер­­­гілікті атқарушы орган мен по­лиция қызметі бірігіп, адамдарды құтқарды. Төтенше жағдай департа­ментінің хабарлауынша, негізі апаттық-құтқару жұмыстары Б­у­рабай ауданында Щучье қа­­ла­сының маңында жүргізілген. Адамдарды жылыту пункттеріне апарды. Жақсы ауданында Под­горное ауылынан жүкті әйел аудандық ауруха­­­наға жеткізілді. Сондай-ақ қыз­­меткерлер «Шучье-Көкшетау» тасжолында қарға батып қалған 65 жеңіл автокөлікті сүйреп шы­ғарды.

А.ЖОЛДАС