Жаңа мектеп қабырғасы неге «қирап» жатыр?
Жаңа мектеп қабырғасы неге «қирап» жатыр?

Алматы облысы Қаратал ауданында мек­теп пен орталық қирай бастады. Аудандық білім бөлімінің мамандары 2014 жылы са­лынған мектепті жабу туралы шешім қа­былдаған. Былтыр жыл соңында біртіндеп қирай бас­таған ғимаратта ол кездері карантинге байланысты ешкім оқымаған.

Пайдалануға берілгеніне алты жылдан енді асқан білім ордасы жабылатын болды. Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ескелді ауданы Қаратал ауылында екі құрылыс – 100 орындық мектеп пен мектепке дейінгі 25 орын­дық шағын орталық қирай бастаған. Жарылу 2020 жылдың желтоқсанында анықталған. Алайда ка­рантин режимі болғандықтан, ол жерде ешкім оқымаған. «Тексеруден кейін бастауыш мектеп ғимаратын техникалық тексеруден бұрын жабу туралы шешім жасалды. Бүгінде 15 қаңтардан бастап күрделі жөндеу жүргізілген осы орта мектептің негізгі оқу корпусында оқитын 49 оқушы штаттық режимде оқиды», – деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өкіл­­­­дері. Аудандық білім бөлімінің мамандары бастауыш мектеп ғимаратына техникалық тексеру жүргізу үшін «Алматы құрылыс эксперт» ЖШС-мен шарт жа­­састы. Әкімдік өкілдерінің сөзінше, сараптамадан кейін тиісті шаралар қабылданады.