Ақтөбедегі шошқа фермасы жабылатын болды
Ақтөбедегі шошқа фермасы жабылатын болды

Көпшіліктің қызу талқысында жүрген тақырыпқа нүкте қойылатын болды. Атап айтқанда, Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасын жабу туралы сот шешімі қабылданды. Осылайша, жергілікті тұрғындардың көп жылдан бергі шағымы қанағаттандырылды. 

Қазір облыстық экономикалық сот «Париж­ская коммуна XXI» ЖШС-нің биологиялық қалдықтар қоймасын пайдалануына және ферма­дан шығатын қалдық суларды ағызуына тыйым салған. Оның иесіне қатысты Қылмыстық кодекс­тің «жерді бүл­­діру» бабы бойынша іс қозғалған. Тексеру ба­­­­­рысында қоршаған ортаны өрескел бүлдіріп, эко­­­логияға орасан зиян келтіру деректері анықталған. Атап айтқанда, 6 гектар жерге 200 тоннадан артық қалдық көмілген. Оның ішінде шошқа малының қаны, өлекселерінен бөлек құрылыс материалдары да бар болып шықты. Фермада жобада көрсетілгендей 40 мың емес, 52 мың шошқа болған. Сондай-ақ кәсіпорын соңғы екі жылда қоршаған ортаға эмиссиясыз жұмыс істеп келіпті. «Мекеме қоршаған ортаға эмиссия алу мүмкіндігінен айырылды» деп мәлімдеді судья Жанар Жұбатова. Ферманың заңсыз әрекетінен келтірілген зиян 7 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Экологтер бүлінген жерді за­рар­сыз­дан­дырып, қалпына келтіру үшін кемі бір жыл қа­жет екенін айтып отыр. Тұрғындар болса, күн­тізбеде тұрған мәселенің оң шешім тапқанына риза.

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ