«Қазақстан аруы» финалисіне жұмыс ұсынды
«Қазақстан аруы» финалисіне жұмыс ұсынды
114
оқылды

«Қазақстан аруы» жоба­сының финалисі Алматыдағы дәм­ханалардың бірінде ыдыс жуып жүргені көпшілікті таң­дан­дырған-ды. Бұған сұлулық байқауының басшылығы мен жоба серіктестері де көз жұма қарамады. Гүлнұр Нұртазға қол ұшын созуға дайын екен­дерін мәлімдеді.

Гүлнұр Нұртаза 2017 жылы «Қы­зылорда аруы» байқауында топ жарды. Артынша 2019 жылы «Қазақ­стан аруы» байқауының фи­налисі атанды. Бірақ жобадан кейін Күлшеқыз ханшайымға ай­нал­ған жоқ. Тағдырдың сынына тап болып, Гүлнұр жұмыс іздеп Қызылордадан Алматыға келген. Көркі көз сүріндірер арудың дәм­хана­ларда ыдыс жуып жүргені Казнетте талқыға түскен-ді. Тіпті, Гүлнұр Нұртазаға көмектесу үшін Ксенья Собчак оны Ресейге ша­қыр­ған. Алайда отандасымыз Ре­сей­ге барудан бас тартты. Байқаудың Instagram парақ­ша­сында бұл жайында толық жазыл­ған. Дәлірек айтсақ, 2017 жылы «Қызылорда аруы» атағын жеңіп алған Гүлнұр сол жылы әкесінен айырылды. Үш жылдан кейін коро­навирус анасының өмірін қиды. Әлем­де жалғыз қалғандай күй ке­шіп жүрген қыздың ауыр халін сөз­бен жеткізу қиын. Ин­тернетте Гүлнұр трагедиясы туралы хабар пайда болысымен, алғаш болып қол ұшын созған байқаудың қазы­лар алқасының төрағасы Ырза Тұрсын­зада болды. Этно-дизайнер Гүлнұрға «Ана­лар аманаты» жеке этномұражайы мен Нұр-Сұлтандағы «Бақытты отбасы» республикалық үйлестіру орталығынан жұмыс ұсынды. Әрі Қызылорда қаласының әкімдігі де Гүлнұр Нұртазаға жұмыс беріп, жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізген. Сондай-ақ елі­міздегі сән брендтерінің бірі аруға Алматыдағы жаңа шоурумға сату кеңесшісі болуға ұсыныс білдірген. Танымал сұлулық салондарының желісі де оған шебер стилист ата­нуға мүмкіндік жасамақ.

А.ЖОЛДАС