Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Nur Otan

Аймақтың жайын аралаған біледі

Абылайхан ЖҰМАШ
Қаңтар 14, 2020
Nur Otan
469
қаралым

Филиал төрағасын таныстырды

Еліміздің бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Тағы бір қалада карантин күшейтілді

Депутаттар тобы алдымен Шымкент­тегі Жаңаталап елді мекеніне барды. Бұл шағынауданда 3 927 үй, 24 523 тұр­ғын бар. Сондай-ақ 7 мектеп, 12 ба­лабақша, 1 емхана, 1 жедел жәрдем стан­сасы және басқа да әлеуметтік ны­сан­дар халыққа қызмет көрсетуде. Аз қа­м­тылған отбасылар саны – 291 (өз кә­сі­бін ашып, жұмыспен қамтылғаны – 248, жұмыссыз азаматтар – 21, оның ішін­де: 3 мүгедек, бала күтіміндегі – 19). Жаңа­­талап тұрғын алабына 2011 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша мем­лекеттік бюджеттен 213 млн теңге қаржы бөлініп, ауызсу жүйесі жүргізілді. Сапасыз жүргі­зілген ауызсу жүйесінен тұрғындар сумен толық қамтамасыз етілмеді. Яғни, ауызсу кес­темен беріледі, 72 үй сумен қамтылмаған.

– Бүгінгі кездесуде өзекті мәселелер кө­терілді. Атап айтқанда, елді мекендегі инфрақұрылым, жер учаскелерін заң­дастыру, жастарды тұрғын үймен қамту, бос жерлерді қайтарып алу және басқа да әлеуметтік мәселелер талқыланды. Ең өзекті болып тұрған ауызсу мен газ мәселесі шешімін табуда. Ауызсу жүйесінің құрылысына қаражат бөлінген, жергілікті билік уақытылы жұмыс жүргізеді. Ал партия тарапынан қоғамдық бақылау орнатылатын болды. Табиғи газбен қамту алдағы жылдары шешімін табады, – деді топ жетекшісі Дархан Мыңбай.

Мәжіліс депутаттары, Nur Otan пар­тиясы фракциясының мүшелері Қ.Ержан, У.Қайназаров және М.Ерман Сарыағаш ауданына іссапармен келді. 5 қаңтардан бері өңірді аралап, сайлаушылармен жүз­дескен халық қалаулылары осы жолы екі топқа бөлініп, халық тығыз орналасқан ауданның тыныс-тіршілігімен танысты.

Олар алдымен Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылындағы «Агротур» ша­руа қожалығында болды. 2018 жылы құрылған шаруа қожалығы түркиялық технологиямен қамтамасыз етілген. Мұнда түрлі көкөністердің көшеттері өсіріледі. Дән себу жұмысы автоматтандырылған. Шаруа қожалығының басшысы Т.Тасход­жаев­тың айтуынша, өңірдегі жылыжайлар осында көкөніске алдын ала тапсырыс береді.

Жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығын жандандыру, қолданысқа енгізілген жаңа заң баптары Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылындағы «Фирма Сакен» ЖШС аумағындағы кездесуде де әңгіме арқауына айналды. Ауыл тұрғындарымен жүздескен депу­таттар Б.Жылқышиев, С.Қаныбеков және М.Махамбетов мемлекет тара­пы­нан қолға алынған бастамалар жө­нінде пікір алмасты. Кәсіпкерлікті, ауыл шаруа­шылығын жандандыруға бағытталған жеңілдіктер мен субсидиялар жайы да талқыға түсті.

Бүгінде 600-ге жуық ірі қара мал, 2 мыңнан астам уақ мал асырап отырған «Фирма Сакен» ЖШС қарамағында 20 адам жұмыс істейді. Мұнда жылына 700 тоннадан астам өнім өндіріледі. Облыс тұрғындарын сүт және сүт өнімдерімен қамтуға үлес қосып отырған кәсіпорын басшысы Ш.Байғазиева депутаттарға кәсібін таныстырып, жоспарымен бөлісті. Депутаттар Сарыағаш қаласындағы 5 қабатты 13 тұрғын үйдің құрылыс ба­ры­сымен танысты. «Нұрлы жер» бағ­дар­ламасы аясында құрылысы 2018 жы­лы басталған үйлер биыл пайдалануға беріледі. Сонымен бірге депутаттар «Жібек жолы» кеден бекетінің жұмысын көрді. Осылайша, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Түркістан облысы аумағын түгел аралап, жаңа заң баптарын түсіндірумен қатар өңірдегі өзекті проблемалармен танысты. Осы іссапарлар барысында анықталған мә­селелер Парламентте талқыланады деген жоспар бар.

Шығыс Қазақстан облысында іссапармен жүрген Мәжіліс депутаттары В.Олейник, Е.Козлов сапар аясында Ұлан ауданы Таврия ауылының халқымен және партия активімен жолықты. Кездесуде мәжілісмендер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өр­кендеуінің негізі» атты Қазақстан хал­қына Жолдауының басым бағыттарына тоқталып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Халық қалаулылармен жүздескен ауыл тұрғындары Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауы мен институттық реформаларға қолдау білдіріп, оны табысты жүзеге асыруға әзір екенін жеткізді.

Шара барысында Мәжіліс депутаттары Ж.Жарасов, И.Унжакова, Ж.Омарбекова «Ана мен бала» орталығының ұжымымен жүздесті. Халық қалаулылары кездесуді орталықтың жұмысымен танысудан бастады. Орталық басшысы Е.Омарбеков мәжілісмендерге ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Халық қалаулылары өз кезегінде Nur Otan партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасының орындалу аясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүзеге асырылуы меди­циналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстардың жүргізіліп жат­қа­нын атап өтті. Жиынға қатысқан орта­лықтың қызметкерлері көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылына іссапар аясында Мәжіліс депутаты Н.Сабильянов ауыл тұрғындарымен кездесті. Жиында Нұртай Салихұлы ауыл тұрғындарымен ашық диалогте еркін әңгімелесіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсынысын тыңдады. Ол сонымен қатар Парламент қабырғасында қабылданған және өзгер­тулер мен толықтырулар енгізілген кейбір заңдар туралы тұрғындарға ақпарат бере отырып, ұстаздардың жұмысын жеңілдетіп, беделін арттыруға бағытталған «Педагог мәртебесі» туралы заңның артықшылықтарын да атап өтті.

 

 
Тегтер: аймақкездесу өткіздіМәжіліс депутаттарыШымкент
Алдыңғы жаңалық

Рудныйда 330 миллион теңгенің аттракционы бұзылады

Келесі жаңалық

Алматыдағы су жаңа үйдің тұрғындары газ баллондарын қолдануға мәжбүр

Ұқсас жаңалықтар

Nur Otan, тағайындау, фракция
Жаңалықтар

Nur Otan партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды

Қаңтар 22, 2021
руханият
Nur Otan

Руханият пен мәдениетті дамыту басты назарда

Қаңтар 22, 2021
кеңес
Nur Otan

Кеңес отырысында келелі мәселелер қаралды

Қаңтар 22, 2021
төраға
Nur Otan

Филиал төрағасын таныстырды

Қаңтар 22, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін қандай жағдайда пайдалана алатыны белгілі болды

Қаңтар 22, 15:31

Коронавирусқа шалдыққан Мейрамбек Бесбаев денсаулығы туралы айтты

Қаңтар 22, 14:57

Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус анықталды

Қаңтар 22, 14:33

Аида Балаева «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылауда әр адамның пікірі маңызды екенін айтты

Қаңтар 22, 14:17

Қазақ қызы АҚШ-та лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 22, 14:00

Таңдау еркі сізде: шипажай ма, әлде Түркияға сапар ма?

Қаңтар 22, 14:00

Nur Otan партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды

Қаңтар 22, 13:48
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

зейнетақы

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін қандай жағдайда пайдалана алатыны белгілі болды

Қаңтар 22, 2021
Коронавирусқа шалдыққан Мейрамбек Бесбаев денсаулығы туралы айтты

Коронавирусқа шалдыққан Мейрамбек Бесбаев денсаулығы туралы айтты

Қаңтар 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»