Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағының қара жәшігіндегі ақпарат оқылды
Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағының қара жәшігіндегі ақпарат оқылды
132
оқылды

ХАК-тың ғылыми-техникалық орталығында апат орнынан табылған борттық өздігінен жазушылардың деректерін оқып және таратып берді

ХАК мамандары ақпаратты тергеу комиссиясына берді. Алдын ала талдау оқиғалардың хронологиясын қалпына келтіруге және авиациялық оқиға себептерінің басым нұсқасын анықтауға мүмкіндік берді.

"Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ХААҰ) стандарттарына — Чикаго конвенциясының 13-қосымшасына сәйкес тексеруге әуе кемесін әзірлеуші және жасаушы мемлекеттің уәкілетті өкілі мен кеңесшілері (Нидерланды) қатысады. Нидерландының уәкілетті өкіліне параметрлік жазба берілді", - делінген ведомство хабарламасында.

Тексеру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша ХАК Нидерланды, Қазақстан және EASA мамандарымен бірлесіп авариялық ұшу кезінде әуе кемесінің нақты аэродинамикалық сипаттамаларын және оларға сыртқы факторлардың (бірінші кезекте жердегі мұздану және т.б.) әсерін анықтау, әуе кемесінің қозғалыс параметрлерін және экипаж әрекеттерін талдау мақсатында жүргізілетін ұшуды математикалық үлгілеу бойынша жұмыстар басталды.

10 қаңтарда ОКҚ өткен брифингте Роман Скляр әуе кемесінің мұздануы қазіргі уақытта әуе апатының негізгі нұсқасы екенін хабарлаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсанда Bek Air авиакомпаниясының Алматы — Нұр-Сұлтан бағыты бойынша сағат 07.22-де ұшу кезінде биіктіктен айрылып, бетон қоршауына соғылды. Бортта 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған.

Сол күні түстен кейін дәрігерлер ауруханаларға 53 зардап шеккен адам жеткізілгенін, олардың 10-ның жағдайы өте ауыр екенін хабарлады.

Әуе апатында барлығы 12 адам қаза тапты, оның ішінде сегізі — оқиға орнында, екеуі — тасымалдау кезінде және екі ересек пациент өмірмен сыйыспайтын жарақаттан қайтыс болды.