100 жастағы кейуана жаңадан жеке куәлігін алды
100 жастағы кейуана жаңадан жеке куәлігін алды

Түркістан облысында ғасыр жасаған кейуана жеке куәлігін алды.

Созақта полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, соның ішінде қарттарға, ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға құжатын жасап беруге, ары-бері сандалтпауға көмек көрсетіп отырады. Осы мақсатта Созақ АПБ қызметкерлері жеке куәлігінің мерзімі өткен бір ғасыр жасаған әжені анықтады. Содан әжейді шаршатпастан қажетті құжаттарын жинақтап, фото-бейнеге түсірді. Осылайша, Созақ ауданының тұрғыны Сырғакүл Керімбековаға жеке куәлігін қайта жасауға көмек беріліп, дайын құжаты табысталды. Өз кезегінде 101 жасқа келген кейуананың куанышында шек болмады.

Жалпы, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы полиция департаментінде құжаттанбаған немесе КСРО құжатымен қалып қойғандарға, егде жастағы жүріп-тұруы қиын қарияларға құжат рәсімдеу мақсатында көші-қон қызметкерлерінен арнайы мобильді топтар құрылып, қарқынды жұмыс жүргізуде. Ең басты мақсат – халыққа қолайлы қызмет ұсыну.