11 жастағы ұл үйінде асылып өлді
11 жастағы ұл үйінде асылып өлді

Оқиға осыдан екі күн бұрын болыпты. Бұл жайында БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков айтты.

Айтуынша, ол кезде бала үйде жалғыз болған. Негізі отбасында үш бала екен, ол үйдің – тұңғышы. Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановтың мәлімдеуінше, отбасының тұрмысы жақсы.

– Өте ауыр іс. Қазір қайғылы оқиғаның себептері анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр. Әкімдік тарапынан отбасына барынша көмектесеміз, – деді Марат Тоқжанов.