Delta Bank-тің бұрынғы топ-менеджерлері ұсталды

Delta Bank-тің бұрынғы топ-менеджерлері ұсталды

Delta Bank-тің бұрынғы топ-менеджерлері ұсталды. Ақпаратты ҚР Қаржы мониторинг агенттігі растады.

«Delta Bank» АҚ бұрынғы топ-менеджерлері ұсталды. Олардың арасында директорлар кеңесінің төрайымы Галина Шалғымбаева, басқарма төрағасы Нұрбол Самзаев, басқарма мүшесі Кенжегүл Қанатпаева бар.

«Иә, бұл адамдардың ұсталғаны рас. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді»,  – деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 2017 жылы 3 қарашада «Delta Bank» АҚ-ның банктік және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаруға лицензиясынан айырылған болатын.