Президент Жаңатаста қаза болған балалардың ата-анасына көңіл айтты
Президент Жаңатаста қаза болған балалардың ата-анасына көңіл айтты
338
оқылды

Президент Жаңатас қаласында қаза болған балалардың ата-анасына көңіл айтты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында жариялады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласында болған өрт салдарынан балалардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғысын бөлісіп, қаза болған балалардың ата-анасы мен туыстарына жұбату лебізін білдірді.  "Бұл жағдай  – бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия" деп санайды Президент. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың ата-анасына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Ал Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеткізді»,  – деп жазды Берік Уәли.