Полиция қызметкерлері ойын-сауық мекемесінде ірі көлемде ақша жымқырған ер адамды ұстады
Полиция қызметкерлері ойын-сауық мекемесінде ірі көлемде ақша жымқырған ер адамды ұстады
106
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ірі көлемде қаражат ұрлады деген күдікпен 30 жастағы ер адамды ұстады. Тергеп-тексеру барысында күдіктіден караоке клубында кассадан 700 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат жымқырғаны анықталды. Клуб әкімшісінің айтуынша, күдікті қызметкерлердің назары басқа жаққа ауған сәтті пайдаланып, ақшалай қаражатты жымқырған. Кейін шотты төлеп, достарымен бірге кетіп қалған. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізілуде. Сондай-ақ оның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтардан қырағылық танытуын, бағалы заттарын қараусыз қалдырмауын сұрайды.