Еліміздің алты өңірінде ескерту жарияланды
Еліміздің алты өңірінде ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК 21 ақпанға дауылды ескерту жариялады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Таразда тұман түсіп, көктайғақ болады. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі.