Бетховеннің мерейтойы – Нұр-Сұлтанда
Бетховеннің мерейтойы – Нұр-Сұлтанда
222
оқылды

Биыл музыканың атасы – Людвиг ван Бетховеннің 250 жыл­дығы. Осыған орай, «Ас­тана Опе­ра­» әлемдік балет премьера­сын көр­се­те­ді. «Бетховен – Мәңгілік – Ма­хаб­­бат» атты көрсетілім 14-15 қаң­тарда Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің қол­дауымен өтеді.

Қоюшы режиссері – бел­гі­лі неміс хореографы Раймон­до Ребек. «Астана Опера» ба­лет труппасының көркем­дік жетекшісі – Алтынай Асыл­мұратова, дирижері – Абзал Мұхит­дин, бас хормейстер – Ержан Даутов.

Раймондо Ребекті өнер әлемі­не алып келген Бетховен екен. Себебі ол композитордың өмірі мен шығармашылығына бала кезінен сүйсініп өскен.

Қоюшы режиссердің айтуын­ша, ол Бетховеннің өмір жолы мен оның тағдыр тауқыметін ашуға тырысқан. Онда да бүкіл өмірбаянын тізбей, қызықты да қызғылықты сәттерін теріп алған. Оның ішінде Бетховеннің балалық шағы, отбасы, кішкен­тайынан алған білімі бар. Пианист ретінде бастаған ол, кейін композитор ретінде елге танымал болған. Оған қоса, сырқатына қарамастан әуенге деген құштарлығы баяндалады. Соған қарамастан композитор 600-ден астам шығарма жазған. Бетховеннің ақсүйектермен байланысын, сол ортадағы алар орнын бейнелейді.

– Әртіс ретінде өзімді елең ет­кен нәрсе – оның саңырау бола тұра композитор болуы. Меніңше бұл, көзі көрмейтін хорео­граф секілді. Соған қара­мас­тан оның бойында шабыт пен махаббат сезімін жоғалтпаған, – дейді ол.

бетховен1.jpeg

Ал балеттің аяғы компо­зи­тордың табиғатын ашатын 9 симфониясымен тамамдалады. Фортепиано пернетақтасы секілді сахнада ұстамды қара мен ақ реңнен тұратын болады. Тіпті, актерлердің өздері соған түстес киінеді. Қоюшы режис­сер айтқандай, «Осы балетті 10 жылдан кейін көрсе де заманауи­лығын жоғалтпайды». Себебі композитордың шығармасы жасқа да, уақытқа да бөлінбейді. 

– Өзім көрерменнің қия­лын одан ары шарықтатып, ойландырғанды ұнатамын. Жұмыс барысында ұстанатын бірін­ші ережем – эстетика және тарих. Әртістердің қимылдары осы балеттің мәнін түсінуге жағ­дай туғызуы керек. Олардың міндеті – көрерменге эмоцияны көр­сету, сезімін жеткізу. Ал дуэт­тер бір адам ретінде үндестік­пен жұмыс істеуі тиіс, – деді Раймондо Ребек.

Бұл оның «Астана Опера» труп­пасындағы екінші тәжі­ри­бесі. Сондықтан өзара түсіну­ші­лік те, қойылған талаптар да толығымен орындалуда. Осы жолғы балеттің артықшылығы, негізінен классикалық балет элементтерімен бірге заманауи хореографияда қолданылады.