Нұр-Сұлтанда алдағы жексенбі күні қоғамдық көліктер жүреді
Нұр-Сұлтанда алдағы жексенбі күні қоғамдық көліктер жүреді
Елордада жексенбі, яғни, 21 ақпан күні қоғамдық көлік жүреді, – деп хабарлады City Transportation Systems.
"Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көліктің штаттық режимде жұмыс істеуіне, жексенбі, демалыс және мереке күндері тоқтаусыз (экспресс-бағдарлардан басқалары) сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүруіне рұқсат етіледі" – деп хабарлады City Transportation Systems.
Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жолақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.