Хабиб Нурмагомедов "Оскарды" алғысы келетінін айтты
Хабиб Нурмагомедов "Оскарды" алғысы келетінін айтты
Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Голливудпен бірге өзінің өмірбаяны туралы деректі фильм түсіріп жатқанын және "Оскар" алуды жоспарлап отырғанын айтты. "Қазір өзімнің деректі фильмімді түсірумен айналысып жатырмын. Біз фильм арқылы "Оскар" жүлдесін алғымыз келеді. Голливудпен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Фильм бірден кинотеатрларда көрсетілуі мүмкін. Таудан шыққан жігіттің салмақ дәрежесіне қарамастан ең үздік жекпе-жек шебері атанып, ешкімге есе жібермеуі көрерменге қызық болады деп ойлаймын", − деді Хабиб YouTube-тегі "Лысый Хищник" арнасына берген сұхбатында. 32 жастағы Хабиб Нурмагомедов UFC 254 турнирінде Джастин Гэтжиді жеңіп, чемпиондық титулын сақтап қалды. Жекпе-жектен кейін ол мансабын аяқтағанын жариялады.