Маңғыстау облысында полиция із-түзсіз жоғалған адамның мәйітін тапты 
Маңғыстау облысында полиция із-түзсіз жоғалған адамның мәйітін тапты 
Маңғыстау облысында полиция із-түзсіз жоғалған адамның мәйітін тапты. Кісі өлтірді деген күдікпен облыстың екі тұрғыны ұсталды, – деп хабарлады tumba.kz порталы. 16 ақпанда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны үйінен өз көлігімен кетіп, қайта оралмаған. 18 ақпанда жоғалған адамның әйелі тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Сол күні Маңғыстау облысының криминалдық полиция қызметкерлері жоғалған адамның көлігін іздеп тауып, көлік иесінің мәйітін анықтаған. Полиция қызметкерлері 19 ақпан күні кісі өлтірді деген күдікпен облыстың екі тұрғынын ұстады. Олар қылмысты жасағанын мойындады. Кісі өлтіруге не себеп болғаны әзірге белгісіз. "Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды", – деді Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.