СҚО-да полицейлер заңсыз сақталған 7 қаруды тәркіледі
СҚО-да полицейлер заңсыз сақталған 7 қаруды тәркіледі
СҚО полицейлері екі күннің ішінде заңсыз сақталған жеті қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бүгінгі таңда өңірдің 7 292 тұрғынында 12 270 қару бар, оның ішінде 998-і ойықты. Қарудың қылмыста пайдалануына жол бермеу мақсатында полицейлер ақпанның 17-сі мен 19-ы аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Тәртіп сақшылары қару иелерін тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерді. Полицейлердің айтуынша, көп жағдайда адамдар қаруға арналған сейфтерде бөгде заттарды сақтайды. Бұлай істеуге болмайды.
«Екі күннің ішінде заңсыз сақталған 7 қару алынды. 2,5 мыңнан астам қару иесі тексерілді, оның 60-сы сақтау ережелерін, 17-сі тіркеу және қайта тіркеу ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды», – дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусин.