Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қашан ала бастайды?
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қашан ала бастайды?
Егер Президент құжатты мақұлдаса, онда ақша беру тетігі 2021 жылдан бастап нақты іске қосылмақ. Қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарын зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін пайдалана ала ма? Жұмыс тобының қатысушылары "дөңгелек үстел" бағдарламасының эфирінде заңнамалық жаңалықтарды егжей-тегжейлі түсіндірді, деп хабарлайды "Хабар 24". «Осыны негізге ала отырып, біз жұмыс істеп тұрған азаматтардың жеке мұқтаждары үшін жеткіліктілік шегінен асатын соманы ала алуы мүмкін деп есептейміз. Бұл – зейнет жасына жеткен кезде елде қалыптасқан ең төменгі зейнетақыдан кем емес өз жинақтарын өмір бойы алуға жеткілікті болатын жинақтардың сомасы. Бұл ретте, мысалы, 40 жастағы адам қажетті соманы жинайтын уақыт бар екенін ескере отырып, әркімнің өз жеткіліктілік шегі болуы тиіс, - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов. Бұған дейін хабарланғандай, жеткіліктілік шегі ерлер үшін 10 миллион, әйелдер үшін 12 миллионды құрайды. Екінші санатқа – зейнеткерлерге келетін болсақ. Нұрымбетовтың айтуынша, Үкімет өз жинақтарының жартысын алуға мүмкіндік беруді ұсынады. Бірақ қорда қалатын сома әуелгі жинақтың 40%-нан кем болмауы тиіс. « Осылайша, біздің есептеуіміз бойынша, бірінші санат бойынша – жұмыс істейтін азаматтар, бұл шамамен 113 мың адам және зейнеткерлік жасқа жеткен120 мың адам бұл қызметті пайдалана алатын болады. Қандай мақсаттарға? Ең алдымен, біз тұрғын үй мәселесін шешуді ұсынамыз. Біз Мемлекет басшысына, егер ол біздің көзқарасымызды мақұлдаса, жол картасы әзірленетін болады. Бұл заң жобасын қабылдау үшін уақытты талап етеді», - деп атап өтті министр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, егер Президент құжатты мақұлдаса, онда ақша беру тетігі 2021 жылдан бастап нақты іске қосылады. Осы зейнетақы жүйесімен лайықты зейнетақы алу үшін әлемдік тәжірибеде 40 жыл бойы тұрақты аударым жасалып тұруы тиіс. Осыған байланысты, егер біз барлық салымшылардың 1 млн, 69% - ын айтатын болсақ, бізде қорға ақша 1998 жылдан аударыла бастағанын есте ұстау керек. Және жинағы 20 жылдан аз адамдар өте көп. Қазіргі кезде жас ұрпақ аға ұрпақтан көп қаржы жинақтағанын ескеру керек, - деді "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы"АҚ басшысы Тамара Дүйсенова.