МӘМС: Егер адам ауырмаса сақтандыру жарнасы қайтарыла ма?
МӘМС: Егер адам ауырмаса сақтандыру жарнасы қайтарыла ма?
140
оқылды

Азамат бір жыл бойы ауырмаған жағдайда міндетті сақтандыруға аударған ақшасы қайда жұмсалады? Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Айдар Ситқазинов айтып берді.

«Егер осы жылы ауырмаған болсаңыз – сақтандыруға аударған ақшаңыз қайтарылмайды. Медициналық сақтандырудың қағидасы: дені сау адам науқас үшін, бай адам кедей адам үшін төлейді. Егер биыл ауырмаған болсаңыз – сақтандыруға аударған ақшаңыз ауырған адамдардың еміне жұмсалады. Ал егер келесі жылы сіз ауырып қалсаңыз – сақтандыруға қанша жинағаныңызға қарамастан, сізге де толық медициналық қызмет түрлері көрсетіледі», – деді Айдар Ситқазинов елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол жеке клиникалар да не себепті қаржыландырылатынын түсіндірді.

«Мұның бәрі медициналық ұйымдар арасында бәсеке болуы үшін керек. Бәсеке болған жерде жұмыс сапалы болады», – деді А.Ситқазинов.