4 жасар бүлдіршін 9-қабаттың терезесінен айғайлап көмек сұраған

4 жасар бүлдіршін 9-қабаттың терезесінен айғайлап көмек сұраған

Хабарлама 17 ақпан күні түсті. Қарағанды облысы ТЖ департаментінің мәлімдеуінше, қаланың Сталелитейная көшесіндегі тұрғын үйдің 9-қабатындағы пәтердің ашық терезесінен кішкентай бала айғайлап, көмекке шақырған екен.

[caption id="attachment_113126" align="alignnone" > ©сурет интернеттен алынды[/caption]

«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар терезені ашып-жауып тұрған қызды көрді. Құтқарушылар бірден 9-қабаттың терезесіне автосаты арқылы көтерілуге кірісіп кетеді. Екінші топ пәтерге подъезд арқылы кіруге әрекет жасады. Бірақ пәтердің есігі жабық болды. Кейін пәтерде ересектердің жоғы анықталды. Автосатымен көтерілген құтқарушылар баланың сүрініп немесе биіктен қорқып, құлап кетеді деп қорыққан. Сондықтан терезе астында бірнеше қызметкер тұрған», – деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.