Маска тағып жүру – тіске зиян

Маска тағып жүру – тіске зиян

Коронавирустан қорғану үшін ұзақ уақыт бойы маска тағып жүрудің өзі тіске зиян екен. One Manhattan Dental емханасының негізін қалаушылардың бірі Роб Рамонди айтты.

Айтуынша, әрдайым маска тағып жүргеннен кей адамның тісінде қара дақ пен сызат түсе бастаған.

«Масканы тастамай жүріп демаламыз, соның салдарынан сілекей аз бөлінеді. Содан ауыз құрғап, тісжегі (кариес) пайда болып, қызылиек ауруы туындайды», – деп жазады «Сноб» басылымы.

Сонымен қатар ресейлік тіс дәрігері Тигран Григорян терең тыныстағанда ағзадан шамамен 360 түрлі бактерияның шығып кететінін жеткізді.

«Сіз ағзаңыздан шыққан лас ауаны маска сыртқа жібермей, сол күйі қайта жұтасыз. Салдарынан ауыз қуысында түрлі ауру пайда болуы мүмкін», – дейді Григорян.

Пандемия кезінде тіс ауырмас үшін көбірек су ішіп, кейде қанты жоқ сағыз шайнап тұру керек деп кеңес береді мамандар.