Соқыр кемпірдің қол-аяғын шауып тастаған (фото)

Соқыр кемпірдің қол-аяғын шауып тастаған (фото)

Мұны 86 жастағы шал жасаған. Ол әйелінің қол-аяғын шауып, қалай өлтіріп тастағанын білмейді.

Бұл оқиға Украинаның Ровен облысы Владимерский ауданы Городец ауылында болған. Оны полицейлерге хабарлаған 55 жастағы ұлы еді.
Қарияның үйі

Полицейлер келгенде 87 жастағы кемпірдің бөлшектеп тастаған денесі аулада жатқан. Ал шал үйде болған. Ол мәнді ештеңе түсіндіріп бере алмады. Тек "ауладағы жұмыстармен айналысып жүргенмін" деп қайталаумен болды.

Тексеру барысында, әйелді алдымен қатты соққыға жығып, артынан қол-аяғын шауып тастағаны анықталды. Сот-медициналық сараптама жасау үшін әйелдің денесі мәйітханаға жіберілді. 

Қарияның үйі
 Негізі кемпірдің көзі көрмегендіктен, көп қозғала да бермеген. Сондықтан оны шал күтіп-бағып отырған. Жалпы, қарияның да көзі нашар болған екен.  

Қызығы, екі қыз бен бір ұлды өсіріп-жеткізген ерлі-зайыптының мұндай жағдайға ұшырағанына көршілері таңғалуда. Себебі, олар оны осы күнге дейін тек жақсы жағынан көрген. 
Қылмыс орны
Қарияға әлі айып тағылмады. Қазір оның жағдайы нашарлағандықтан, күні бойы күзететін арнайы палатаға жатқызылды. 


https://youtu.be/nKlle4P59Ps