Байқоңырда 7 жастағы екі бала жоғалып кетті

Байқоңырда 7 жастағы екі бала жоғалып кетті

Байқоңыр қаласында 20 ақпанда жеті жастағы екі бала жоғалып кетті. Олар  «Маяк» спорт кешенінен жаттығудан шыққан еді. Осы уақытқа дейін балалардың қайда екені белгісіз.

Ресейдің Тергеу комитеті балалардың жоғалу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір оларды ресейлік және қазақстандық құқық қорғау органдары іздеп жатыр.

«Байқоңыр» кешенінде жұмыс істейтін ресейлік және қазақстандық құқық қорғау органдары, Байқоңыр қаласының әкімшілігі және өзге де уәкілетті органдар жоғалған балалардың орналасқан жерін, мән-жайын егжей-тегжей анықтап жатыр. Қылмыстық істің тергеу барысын кешен прокуроры  бақылауға алды», – деп мәлімдеді «Байқоңыр» кешенінің прокуратурасы.