21 жастағы британдық Атлантиканы жалғыз жүзіп өтті
21 жастағы британдық Атлантиканы жалғыз жүзіп өтті
109
оқылды

Желтоқсан айында Солтүстік Йоркширдегі Тирск тұрғыны Жасмин Харрисон Канар аралдарындағы Ла Гомерадан 3000 мильдік (4828 км) саяхатқа аттанды.

Бұған дейін жолды ол 70 күн 3 сағат 48 минутта  жүріп өтіп, Антигуаға жеткен. Кариб теңізінен кейін өзінің керемет әсер алғанын айтты. 2

Жүзуден оқытушы мен даяшы жұмысын атқара жүріп, 2017 жылғы Talisker Whiskey Atlantic Challenge жарысының финалын көрген соң, жазылуға шешім қабылдаған. Ауысу кезінде кезекпен екі сағат есіп, екі сағат ұйықтаған. Сөйтіп, Харрисон рекордтар кітабына енді. Сонымен қатар ол қайырымдылыққа 10 000 фунт стерлингтен астам қаражат бөлді.

Бұған дейін АҚШ азаматшасы Кэти Спотц мұхитта жалғыз ескек ескен 22 жастағы ең жас қыз болып тіркелген. Ол 2010 жылдың 3 қаңтары мен 14 наурызы аралығында Атлантиканы шығыстан батысқа қарай есіп өткен.