Ақтөбеде мүгедек қызды туысы екі жыл бойы зорлап келген
Ақтөбеде мүгедек қызды туысы екі жыл бойы зорлап келген
178
оқылды

Тергеушілер одан жауап алған кезде сурдоаудармашының көмегіне жүгінген

Ақтөбеде туысы екі жыл бойы II топтағы мүгедек қызды зорлап келген, - деп жазады қоғам белсендісі Дина Таңсәрі. "Бізге жәбірленушінің туыстары жүгінді, олар бастан кешірген қайғы-қасіретімен бөлісті. 1966 жылғы ер адам, туысы, сол үйге келіп, мүгедек қызды қарау бойынша қызмет көрсетіп тұратын болған. Оған емдік массаж жасап тұратын. Ешкім де олай болатынын ойлай да алмаған. Қыз бала ДЦП ауруынан бөлек, естімейді және сөйлей де алмайды. Ол "деменция" диагнозымен есепте тұр, басқа анықталған ауруларда, интеллектуалдық жеткіліксіздігі және басқа да психологиялық ерекшеліктері бар...", - деп жазды Таңсәрі Facebook желісіндегі парақшасында. Бір күні жәбірленушінің анасы сол туысы келген кезде қызына ұнамайтынын байқаған. Әйел не болғанын біле бастаған. Қыз бастапқыда тіс жармай қойған, содан кейін анасына туысының оған бірнеше рет зорлық-зомбылық жасағанын жеткізген. Сурдоаудармашының көмегімен қыз баладан жауап алған, ол тергеу барысында қалай зорланғанын көрсеткен. Зардап шегушінің айтуынша, бұл бірнеше рет қайталанған, әр түрлі бөлмелерде болған, ол анасына ағасы зорлаған барлық жерлерді көрсеткен. Ағасының өз нұсқасы бар. Оның айтуынша немере қарындасы өзі азғындап төсек қатынасына тартқан және бұл тек бір рет қана болғанын айтқан. Мамандар зорлау болғанын растаған. Тергеушілер, психолог-мамандар мен прокуратура қызметкерлері де жақсы жұмыс істеген. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған", - деп жазды Таңсәрі.