30 мың Apple ноутбуктарынан Silver Sparrow вирусы табылды
30 мың Apple ноутбуктарынан Silver Sparrow вирусы табылды
127
оқылды

Apple ноутбуктерінен Silver Sparrow деп аталатын жаңа вирус табылды. Киберәлемдегі көптеген залалды бағдарламаларға қарағанда вирустың бұл түрі қаншалықты қауіпті екенін әлі ешкім дөп басып айтпады.

MacRumors порталының мәлімдеуінше Silver Sparrow вирусы  Apple-нің М1 чиптеріне арнайы әзірленген. Жаңа вирус әлемнің 153 елінде қолданып жүрген Mac ноутбуктерінен табылған. Әсіресе АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Франция тұрғындары өздерінің ноутбуктеріне залалды бағдарламаны байқаусызда жүктеп алған. Алайда жаңа вирус әзірге ешқандай қауіп тудырып отырған жоқ. Мамандар 1 апта бойы Silver Sparrow-дің әрекетін зерттеген. Әзірге ол ешқандай белгі берер емес. Дей тұрғанмен, бұдан сақтану керектігін ескертті. Себебі вирус әлі бірде бір ноутбуктен өздігінен өшкен жоқ. Одан туатын қауіп алда болуы мүмкін.