«АрселорМиттал Теміртауға» жоспардан тыс тексеру жүргізіледі
«АрселорМиттал Теміртауға» жоспардан тыс тексеру жүргізіледі
106
оқылды

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді.

Тексеру себебі – Қарағанды облыстық экология департаментінің атмосферадан ластаушы заттардың рұқсат етілген нормадан асып кетуімен байланысты.

«19 ақпанда сағат 16.30-да үрлеу кезінде газды тазартатын алғашқы скруббердің қабырғаларына жабысқан шаң N2 конвертерге құлады. Балқу дереу тоқтатылды. Экология министрлігі азаматтардың аймақтағы экологиялық ахуалға қатысты алаңдаушылық туғызды. Сондықтан осындай деректерге қатысты жедел шаралар қабылданады»,– делінген хабарламада.

Ашықтық пен бейтараптылық қағидаттарына негізделген тексеру қорытындылары бойынша, Экология министрлігі баспасөз конференциясын өткізуді жоспарлап отыр. Жаңа экологиялық кодекске сәйкес ірі кәсіпорындар ең озық қолжетімді технологияларды (ОҚТ), яғни бүгінде шығарындылар деңгейін барынша төмендету үшін заманауи сүзгілерді енгізуі тиіс. Бұл талап заңмен бекітілген және биыл күшіне енеді. Сонымен қатар 2019 жылдың қазанында Экология министрлігі аталған компаниямен 2023 жылға дейін шығарындыларды 30 пайызға төмендету туралы меморандумға қол қойған. Өңір тұрғындарының қатысуымен өткен соңғы кездесу кезінде министр Мағзұм Мырзағалиев «АрселорМиттал Теміртау» басшылығынан сәуірде шығарындыларды азайту жөнінде стратегия ұсынуды талап етті.