Нұр-Сұлтанда салынып жатқан мешіттің конструкциясы құлады

Нұр-Сұлтанда салынып жатқан мешіттің конструкциясы құлады

Елордада салынып жатқан Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің  металл конструкциясы құлады.

«19 ақпан күні бас мешіттің құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында монтаждалған металл конструкция құлады. Конструкция құлаған сәтте құрылысшылар түскі үзілісте болған. Бас мердігер «Сембол құрылыс» компаниясы тергеу жүргізетін комиссия құрды», – деді Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, төтенше оқиға кезінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. [embed]https://youtu.be/mpdNbZeC8VM[/embed]