Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Қызылорда: автожолмен жүру ақылы болады

"Айқын" ақпарат
Ақпан 21, 2021
Жаңалықтар, Қазақстан
жол

© Сурет интернеттен алынады

69
қаралым

Көп ұзамай «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізімен жүру ақылы болмақ. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы «Достық» үйінде өткен қоғамдық тыңдауда мәлім болды.

Қоғамдық тыңдау «Қызылорда-Шымкент», «Қызылорда-Қарабұтақ» автомобиль жолы учаскесінде қауіпсіз жүйені енгізу туралы болды.  «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілі Бауыржан Камаладин  мемлекеттік бағдарламаға  сәйкес 2024 жылдың аяғына қарай елдегі 11 мың шақырым жол, яғни республикалық маңызы бар тас жолдың жартысы ақылы болатынын айтып, оның ішінде «Қарабұтақ-Қызылорда» және «Қызылорда-Шымкент» жол учаскелері бар екенін жеткізді. Бұл жол учаскелерін ақылы жүйеге енгізу биылдың өзінде бастау алмақ.

Ақылы жүйені енгізу жолдарда жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін және жайлылығын қамтамасыз етуге, жол апатын азайтуға, жол инфрақұрылымының дамуына ықпал ететін болады. Барлық төлем жүйесі енгізілген автожол учаскелерінде міндетті түрде жарықтандыру, үй жануарларының жолға шығып кетпеуі үшін қоршаулар, сондай-ақ, түнгі уақытта жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы белгілер мен катафоттар орнатылады. Ал мониторинг жүргізудің заманауи смарт-жүйесі жолдағы көліктердің легі мен жылдамдығын бақылайды.

Сонымен қатар арнайы байланыс орталығы жұмыс істейді. Жүргізушілер тәулік бойы 1403 call-орталығына тегін қоңырау шалып, ақылы автожолдарға қатысты сұрақтарына жауап ала алады.

Бораннан соң бес облыста жол ашылды

Алматы – Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты

Қызылорда облысында боранға байланысты жолдар жабылды

Қоғамдық тыңдауда жеңіл автокөлік үшін ІІ-ІІІ техникалық санаттағы жолдармен жүру тегін, ал І санаттағы автожолдарға іргелес аудандардың тұрғындарына жылдық абонемент бойынша жеңілдікпен жол жүру ұсынылатыны туралы айтылды. Мысалы, автодәліздің Қызылордадан батыс аудандар бағытындағы жол ІІ санатта болғандықтан, онда тек жүк автокөліктері үшін ғана ақылы болмақ. Ал Шымкент бағытында жеңіл автокөліктер үшін де төлем жасалады. Облыс аумағында тір­келген жеңіл автокөліктер үшін 1 мың теңге абонементтік төлем жасап, бір жыл бойы жүре алады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ  келесі өкілі Берік Хасенов жолдарда төлем қабылдаудың «ашық» жүйесі енгізілетінін айтып берді. Бұл ақылы учаскелерде шлагбаумдардың болмауын көздейді. Яғни, көліктердің мемлекеттік нөмірлерін тіркеу, жүріп өткен жол үшін ақы алу бақылау аркаларына бекітілген арнайы камералар және жабдықтардың көмегімен жүзеге асады. Жол ақысын төлеу үшін автокөліктің мемлекеттік нөмірі бойынша шотты толтырудың 20-дан астам түрі қарастырылған.

– Ақылы жолдарды пайдалану тәжірибесінің табысты іске асқанына байланысты 2019 жылы инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Соған сәйкес 2024 жылдың аяғына қарай елдегі 11 мың шақырым жол, яғни республикалық маңызы бар тас жолдың жартысы ақылы болады, – дейді мамандар.

Айта кетейік, бүгінгі таңда елімізде «Нұр-Сұлтан-Щучинск», «Нұр-Сұлтан-Теміртау», «Алматы-Қапшағай» және «Алматы-Қорғас» аралығында барлығы 682 шақырым болатын жол ақылы жүйеде жұмыс істейді. Өткен жылы осы жолдарды пайдалану нәтижесінде 5 млрд теңгеден астам қаржы түскен. Бұл қаржы жол учаскелерін жөндеуге, оны жақсы жағдайда ұстап тұруға, сервистік қызметтерді жақсартуға, басқа да игіліктерді жасауға жұмсалады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ақылы учаскелерде тәулік бойы патрульдеу жүргізіледі. Жол қызметтері жолдың жай-күйін тексереді, жол жиегін тазалауды жүзеге асырады және төтенше жағдай кезінде жедел көмек көрсетпек.

Басқосуға келген қатысушылар өз ұсыныстарын жеткізіп, көкейдегі ой-пікірлерін ортаға салды.

 

Н.ҚАЗБЕКОВ,

Қызылорда облысы

 

 
Тегтер: жол
Алдыңғы жаңалық

Нұр-Сұлтанда салынып жатқан мешіттің конструкциясы құлады

Келесі жаңалық

Петропавлда газ баллон жарылысынан 2 адам қаза тапты

Ұқсас жаңалықтар

түркістан
Жаңалықтар

Түркістанда төрт баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақпан 28, 2021
наурыз
Басты жаңалықтар

Оқушылар наурыздан бастап мектепте оқитын болды

Ақпан 28, 2021
Алматы
Жаңалықтар

Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

Ақпан 27, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Облыс әкімі көңіл айтып, жағдайды бақылауға алды

Ақпан 27, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістанда төрт баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақпан 28, 10:14

Оқушылар наурыздан бастап мектепте оқитын болды

Ақпан 28, 09:47

Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

Ақпан 27, 23:55

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Облыс әкімі көңіл айтып, жағдайды бақылауға алды

Ақпан 27, 23:07

Айдос Ербосынұлы келесі жекпе-жекте IBF чемпионымен кездеседі

Ақпан 27, 22:43

Павлодар облысында халық саны азайған

Ақпан 27, 22:14

Түркістанда жекеменшік үйде төрт бала мен бір ересек адамның денесі табылды

Ақпан 27, 21:33
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

түркістан

Түркістанда төрт баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақпан 28, 2021
наурыз

Оқушылар наурыздан бастап мектепте оқитын болды

Ақпан 28, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»