Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) биыл тағы екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы 36 жастағы қазақстандықтың промоутері Нельсон Лопес The Ring-ке берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, олар маусым мен қыркүйекте жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Бұл күрделі айқас алдындағы «бой жазатын» жекпе-жектер болмақ. Қанат Ислам 2019 жылдың қазанында Уолтер Каутондоквуды (18-2, 17 КО) жеңіп, WBO International нұсқасы бойынша орта салмақта чемпион белбеуін қорғаған болатын. Содан бері ол шаршы алаңға шықпаған еді. Бүгін қазақстандық боксшы Майамиде (АҚШ) эквадорлық Джейсон Минданы (14-4-1, 8 КО) жетінші раундта нокаутпен жеңді.