7 облыс аумағында дауылды ескерту жарияланды
7 облыс аумағында дауылды ескерту жарияланды
114
оқылды
"Қазгидромет" РМК 22 ақпанға дауылды ескерту жариялады. 22 ақпан күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 18 м/с-ке жетеді. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады. Батыстан жел соғып, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Жамбыл облысында тұман, көктайғақ күтіледі. 21-23 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. 23 ақпанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.