Түрмеге жіберген сабынның ішінен 6 телефон шықты
Түрмеге жіберген сабынның ішінен 6 телефон шықты
108
оқылды

Тексерушілердің өзі әуел баста ешнәрседен күмәнданбаған, — деп жазады 24.kz.

Тараздағы ЖД-158/7 мекемесіндегі тексеру көп жайтты аңғартты. Жіті тексеріс кезінде кір сабынның ішінен 6 дана ұялы телефон мен қуаттағыш сымдар табылды.

Қулыққа барғандар әрбір сабынды жеке-жеке ерітіп, арасына телефонды тығып, қайта қалпына айнытпай келтірген. Тіптен бір қарағанда аңғару қиынға соғады.

Дегенмен, сақшы қырағылығының арқасында тыйым салынған заттар темір тордың ар жағына жетпеді.

Аталған түзеу мекемесі қызметкерлерінің айтуынша, тәркіленген 6 бірдей мобильдік құралдың төртеуі NOKIA және екеуі L8STAR маркалы.

Соңғы екеуімен бейне, фото түсіру, аудио жазуға болады.

Қорап сыртында амалын асыруға әрекеттенген жолдаушының ұялы телефоны нөмірі де көрсетіліпті. Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес іс сотқа жолдау үшін құжат рәсімдеуде.