Қар жауады, оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауады.
Тек қана оңтүстік пен солтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жаяу боран соғады, жел күшеюі мүмкін. Алматы, Жамбыл, Атырау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде Жамбыл облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жел екпіні 15-20 м/с-ке күшейеді. Күндіз Маңғыстау, Кызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді, Маңғыстау облысында көктайғақ болуы ықтимал. Ақмола, Павлодар, Түркістан облысында тұман түсуі мүмкін.