Бұл туралы Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Бұған дейін екі баланың бірі табылғанын хабарлаған болатынбыз. Биыл 20 ақпанда Байқоңырдағы «Маяк» спорт кешенінен жаттығудан шыққан жеті жастағы екі бала жоғалып кетті.«Кеше іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылды. Құтқарушыларымыз су және кинологиялық есеп бойынша іздеу жұмысын жалғастырады. Екінші бала әлі табылған жоқ», – дейді құтқарушылар.
Ресейдің тергеу комитеті екі баланың жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғады. Балаларды екі елдің құтқарушылары іздестіріп жатыр.