Гүлшара Әбдіхалықова Байқоңырда жоғалған 7 жастағы баланың неден қайтыс болғанын айтты
Гүлшара Әбдіхалықова Байқоңырда жоғалған 7 жастағы баланың неден қайтыс болғанын айтты
129
оқылды

Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова  Faceebook-тағы парақшасында жазды.

«Оқиғаға байланысты Байқоңыр қаласында болдым. Із-түзсіз кеткен кішкентай екі бала Анас Ерхан мен Оразбаев Нұрәліні іздестіруге Ресейдің ІІМБ, Қазақстанның ІІМП жеке құрамы жұмылдырылды. 400 волонтер атсалысты. Төтенше жағдайлар департаментінің 7 адамы (сүңгуірлер, кинолог, психолог) 1 қайықпен іздеді. Өкінішке қарай, Сырдарияны тікұшақпен барлау кезінде қалалық мәдениет және демалыс саябағы аумағынан сүңгуірлер Анас Ерханның денесін тапты (сот-медициналық сараптама зорлық-зомбылық белгісі жоқ екенін анықтады)», – деп жазды облыс әкімі.

Оқушы мәйітіне жүргізілген сараптама қорытындысын Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің «Байқоңыр» кешеніндегі тергеу бөлімі де жариялады. Жүргізілген сот-медициналық сараптама нәтижесі баланың суға тұншығып қайтыс болғанын анықтады. Баланың денесінде зорлық-зомбылық белгісі жоқ.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары, сондай-ақ екінші баланы іздеу жалғасып жатыр.