Тұрғын үйлерді тексерді
Тұрғын үйлерді тексерді
167
оқылды

Мәжіліс депутаттары, Nur Otan партиясы фрак­ция­сы мүшелері Абай Тасбола­тов пен Петр Шарапаев Петро­­павлда «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жөнделген тұрғын үй­лерді аралады. Олар ал­ды­мен «Нұрлы жер» бағ­дар­ламасы бойынша са­лынған «Береке» шағын ауда­нындағы 100 пә­тер­лі тұрғын үйге барды.

Аталған кешеннің құры­лысымен «Құрылыс Сервис СК» ЖШС компаниясы айналысқан. Тұрғын үй желтоқсан айында пайдалануға берілді. Үй аумағын­да автотұрақ орындары мен бала­лар ойын алаңы бар.

Қазіргі таңда қалада 1 086 көп­қабатты тұрғын үй болса, оның 80-нен астамы қайта жөндеуді қажет етеді екен. Сонымен қатар тұрғын үйлердегі 120 лифт ескірген. Алайда жөндеу жұмыстарын жүр­гізу үшін қалалық бюджетте бар қайтарымды қаражат жет­кіліксіз болып отыр. Депутат Петр Шарапаев бұл мәселенің қазіргі таңда өзекті болып отыр­ғанын айтты. Ол сонымен қатар мемлекет жауап беретін және тұрғындар жауап беретін жауапкершілікті нақты бөліп қарастыру керек екенін тілге тиек етті.



– Бұрын ПИК бірнеше үйді қамти алатын, ал қазір жаңа заң жобасы бойынша жеке үй – бұл мүліктің жеке меншік ие­лері. Олар тек пәтер сатып алып қана қоймай, сонымен қатар барлық үйдің жылумен, сумен қам­тамасыз етілуін, үйдің жанында не болып жатқанын қадағалауы тиіс. Лифттерді жөндеу және ауыс­тыру кезінде мемлекет зей­нет­керлерге, аз қамтылған отбасыларға, көпба­лалы отбасы­ларға көмек көрсетеді, – деді ол.

Мәжілісмендер Кәрібай Мұ­сырман мен Сергей Звольс­кий қаладағы тұрғын үй­лерге жүргізілген жөндеу жұ­мыс­тарының сапасымен таны­сып, тұрғындармен әңгімелесіп, облыс орталығындағы жалға берілетін-коммуналдық тұрғын үй құрылысының жағдайына қанықты.

– СҚО-да 14 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Тұрғындардың тілегі – тезірек үйлі болу. Сондықтан қазіргі кезде мұндай тұрғын үйлерді барынша көбірек салған жөн. Бастысы, тұрғын үйлердің жы­лу және ауызсумен толық қам­тылуын, барлық қажетті ком­муни­кациялардың жеткілікті болуын, ойын алаңдары мен кірме жолдардың сапалы етіп салынуын қадағалау керек , – дейді Сергей Звольский.


Әбілмансұр ЖАСАН