Карантинде тойда жүрген судья ұсталды
Карантинде тойда жүрген судья ұсталды
5,087
оқылды

Әлеуметтік желіде облыстық соттың судьясы Естай Исабеков жасады делінген тойдың видеосы пайда болған еді.

Кадрларға қарағанда Қарағанды облыстық сотының судьясы анасының мерейтойын қаладағы мейрамханаларының бірінде өткізген.
"Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Қарағанды ​​облыстық сотының судьясы Е.Исабековтің аты аталатын видеодағы факт бойынша қызметтік тексеру жүргізілгенін хабарлаймыз. Тексеру материалдары Судьялар одағының Қарағанды ​​облысындағы филиалының сот әдебі жөніндегі комиссиясына жіберілді және қазіргі уақытта ол қарастырылып жатыр" делінген сот хабарламасында.