Ақтауда паркингте үйлену тойы өткен
Ақтауда паркингте үйлену тойы өткен
5,128
оқылды
Ақтаудағы көпқабатты үйдің паркингінде той өткен, деп хабарлады «Хабар 24». Бұл туралы әлеуметтік желіге тараған видео арқылы белгілі болды. Аталған деректі Ақтау қаласының полиция басқармасы растады. Алдын ала мәлімет бойынша оқиға кеше Ақтау қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Видео авторы – той басқаруға келген асаба. Оның сөзіне қарағанда, тұрғын үйдің көлік тұрағына жүздеген адам жиылып, жас жұбайлардың қуанышын атап өткен. Паркингтің іші үйлену тойына сай безендіріліпті. Дастархан жаюлы әрі астың да түр-түрі қойылған екен. Карантиндік шектеулерге байланысты мұндай әрекет заңсыз саналады. Сондықтан той иелеріне қатысты әкімшілік жаза қолданылады. Жергілікті полиция басқармасы мән-жайды анықтап, тиісті тексеру жүргізіп жатыр. Видеодағы ер адам бұған дейін ешкім автотұрақта той өткізбегенін айтып, қонақтарды сол жерге шақырған.